Достық үйінде «Маңғыстау- ұлттық құндылықтар құндақталған мекен» атты рухани-танымдық іс-шарасы өтті

 

 

Маңғыстау облысының мәдени күндері аясында өткен «Маңғыстау- ұлттық құндылықтар құндақталған мекен» атты рухани-танымдық іс-шарасы аясында ұлтымыздың ұлылығын көрсететін үздік дәстүрлер ұлықталды.

Аталмыш шараны тамашалауға келген құрметті қонақтар арасында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов және Маңғыстау облыстық мәслихат төрағасы
Жаңбырбай Матаев болды. Достық үйіне кіреберісте келген қонақтарды ұлттық киім киген қыз-келіншектер қарсы алып, «Сәлем салу» рәсімін жасады. Ал «Аналар аманаты» көрме залында өткен театрландырылған қойылым барысында «Бесікке салу», «Тұсау кесу», «Қызды төркіндету», «Бата беру» қазақтың ұлттық дәстүрлері көрсетілді.

Бесікке салу рәсімін Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы, ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі, «Алтын алқа»иегері, көпбалалы ана Гүлажар Бахытжанова өткізді. Өз кезегінде «Тұсау кесу» рәсімін Маңғыстау облысының әкімінің орынбасары Звира Есбергенова атқарды. Қалың көпшілік алдында бүлдіршіннің бақытты қадамына ақжарма тілегін айтып, рәсімді орындады.

Шара соңында Маңғыстау облысы Аналар кеңесінің төрайымы Аманкүл Жайылханова жас келінге қазақтың дәстүрімен «Ақ орамал» тартты. Тәрбиелік мәні мол іс-шара жоғары деңгейде өтіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

You may also like...