Елордада ҚХА медиация кабинетінің Ашық есік күні өтті

Бүгін қалалық Достық үйінде елордалық ҚХА медиаторларының қатысуымен «Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация кабинеттерінің Ашық есік күні» республикалық акциясы өтті. Іс-шараның мақсаты – Астана қаласы ҚХА-ның қоғамдық құрылымдарын жанжалдардың деңгейiн төмендету және халық арасында толеранттылық пен этносаралық келiсiм мәдениетiн тәрбиелеу мәселелерiнде шоғырландыру, әртүрлі мәселелер бойынша жүгінген қала тұрғындарының даулы жағдайларын шешуге кәсіби заңдық көмек көрсету.

Аталмыш шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қоғамдық келісім» РММ бас сарапшысы Талшин Италиева, ҚХА республикалық Медиация кеңесінің төрағасы Шерзод Пулатов және «Халықаралық едиация орталығы» РҚБ медиаторы Жанна Танабаева, елордалық Ассамблеяның кәсіби және қоғамдық медиаторлары қатысты.

Акция аясында қала тұрғындары азаматтық, еңбек, отбасы, қаржы, әкімшілік және басқа да құқықтық қатынастардан туындайтын дауларға қатысты тегін кеңес алып, еліміздегі медиация институтының жұмысымен кеңінен танысты.

You may also like...