Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубының көрмесі өз мәресіне жетті

 

Бүгін қалалық Достық үйінде қылқалам шеберлерінің туындыларынан құралған көрме аяқталып, марапаттау рәсімі өтті.
Республика күні мерекесіне орай және өскелең ұрпақтың рухани мәдениетін дамыту мақсатында ұйымдастырылған көрмеде түрлі тақырыптағы 35 картина көрермен назарына ұсынылды. Жас суретшілер қағаз бетіне әсем көріністі ерекше талғаммен, асқан шеберлікпен өрнектеген.
Көрме қорытындысы бойынша елордалық ҚХА хатшылығының қызметкері Гүлнар Тайгокова құттықтау сөз сөйлеп, қалалық Ассамблея атынан қатысушыларға диплом табыстады.
Іс –шара аяқталысымен балалар үшін экскурсия ұйымдастырылды. Оның барысында оқушылар елордалық Ассамблеяның тарихымен, этномәдени орталықтардың қызметімен танысып, қолөнер бұйымдарын, экспонаттарды және Қазақстанда тұратын этностардың тұрмыстық бұйымдарын тамашалап қайтты.

You may also like...