Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация кабинетінің Ашық есік күні өтеді.

2023 жылғы 3 қараша күні сағат 09.00-ден бастап сағат 14.00 –ге дейін Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация кабинетінің ашық есік күні өтеді.

Іс-шараның мақсаты – ҚХА -ның қоғамдық құрылымдарын жанжалдардың деңгейiн төмендету және халық арасында толеранттылық пен этносаралық келiсiм мәдениетiн тәрбиелеу мәселелерiнде шоғырландыру, әртүрлі мәселелер бойынша жүгінген қала тұрғындарының даулы жағдайларын шешуге кәсіби заңдық көмек көрсету.

Аталмыш іс-шара барысында кез келген адам азаматтық, еңбек, отбасылық, қаржы, әкімшілік және басқа да құқықтық қатынастардан туындайтын даулы мәселелер бойынша тегін кеңес ала алады.

You may also like...