Бүгін «Жасыл Астана» экологиялық айлығы аясында елордада жалпықалалық сенбілік өтті.
Аталмыш шараға елордалық ҚХА мүшелері, Астана қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері де қатысты.
Сенбилік барысында қатысушылар Достық үйінің аумағын шөп-шалам мен қоқыстардан тазартты.