Елордада Қазақстан халқы достығының фестивалі өтті.

Президенттік саябақтағы амфитеатрдың сахнасында елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен қалалық этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары арасында «Бірлігі жарасқан Қазақстан» атты XXIV Қазақстан халқы достығының фестивалі өтті.

Шараның негізгі мақсаты – қатысушылардың шығармашылық бастамаларын ынталандыру, орындаушылардың кәсіби шеберлігін арттыру, жас таланттарды анықтау, жас ұрпақтың бойында рухани -патриоттық сана -сезімді қалыптастыру, сондай- ақ қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту болып табылады.
Мерекелік іс- шара барысында түрлі ұлт өкілдерінің шығармашылық ұжымдары өнер көрсетіп, қонақтарға тамаша көңіл- күй сыйлады.

Айта кетейік, жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан Қазақстан халқы достығының фестивалі елорда тұрғындары мен қала қонақтары үшін бірлік пен келісімнің, жақсы көңіл-күйдің айқын нышанына айналды.

Шара соңында этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары естелік сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.

You may also like...