«Мәміле» клубының кезекті отырысы өтті

Қалалық Достық үйінде «Мәміле» қазақ тілі клубының кезекті отырысы өтті.

Жиынның бұл жолғы тақырыбы 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргiн және ашаршылық құрбандарын еске алу күнiне арналды. Әдеттегідей отырысқа
елордалық этномәдени бірлестіктердің мүшелері қатысты.

Сабақ барысында тыңдаушылар саяси қуғын-сүргiн және ашаршылық құрбандарын еске алу, олардың халқы үшін жасап кеткен ерліктерін, еңбектерін келешек ұрпаққа дәріптеу, оларға құрмет көрсету, тағзым ету мақсатында жасалынып жатқан іс-шаралар төңірегінде әңгіме өрбітті.

Сонымен бірге Астана қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Руханият» КММ оқытушысы Сағым Естемісова тарихтан сыр шертетін қызықты және танымдық ақпараттармен бөлісті. Сабақ соңында жиынға қатысушылар тақырып аясында пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды.

Айта кету керек, «Мәміле» қазақ тілі клубының форматы үнемі жаңарып, тақырып аясы кеңейіп келеді.

You may also like...