“Лазорь” этнолингвистикалық бірлестігінің дәстүрлі есептік концерті өтті

Елордалық Достық үйінде “Дала өлкесінің казактар одағы” РҚБ Астана қаласындағы “Лазорь” этнолингвистикалық бірлестігінің тәрбиеленушілері мен педагогтарының дәстүрлі есептік концерті өтті.

Өз құттықтау сөзінде Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының – Ішкі саясат басқармасының этносаралық қатынастарды дамыту бөлімінің бас маманы Гүлнар Тайгокова ұжымның еңбегін жоғары бағалап, оларға шығармашылық табыс тіледі.

Мерекелік іс- шара барысында концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Айта кетейік, дәстүрге айналған жыл сайынғы есептік концерт атқарылған жұмыстарды қорытындылаудың бір түрі және жаңа шығармашылық жетістіктердің көрсеткіші болып табылады.

Іс-шара соңында балаларға алғыс хаттар табыс етілді.

You may also like...