Елордалық Ассамблея мүшелері жалпықалалық сенбілікке қатысты

Бүгін «Жасыл Астана» экологиялық айлық аясында елордада жалпықалалық сенбілік өтті.

Таңертеңнен бастап қаланың барлық аудандарында белсенді тұрғындар, қалалық қызметтер, еңбек ұжымдары аулаларды тазалап, қоқыс жинады.

Аталмыш ауқымды шараға Астана қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдык келісім» КММ қызметкерлері, елордалық Ассамблеяға қарасты этномәдени бірлестіктердің мүшелері, «Ассамблея жастары» РҚБ Астана қаласындағы өкілдігінің жастары белсенді түрде қатысты.

You may also like...