“Тұран Астан” университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясындағы елордалық делегация құрамының мүшесі Владимир Шнайдер ауқымды іс -шараның бүгінгі жұмысына өз бағасын берді.

Оның айтуынша, Астанада өтіп жатқан «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» тақырыбындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясы ҚХА-ның әділетті Қазақстан құрудағы алдағы жылдары атқаратын жұмыстарын айқындап өтті.

“Бүгінгі жиын барысында көтерілген бірлік, тұрақтылық, татулық секілді еліміздің құндылықтары қазақстандықтар үшін ең маңызды мемлекет құраушы қағида болып табылады. Ал бірлік сөзі қазақ халқы үшін ғасырлар қойнауынан келе жатқан қасиетті сөзге айналды деп айтсақ артық болмас еді.

Бүгінгі таңда ҚХА өкілдері тек қоғамдық деңгейде ғана емес, мемлекеттік басқару, заң шығарушы органдардың құрамына еніп, Ассамблеяны саяси реформаларды жүзеге асыруда белсенді қатысатын бірегей институт ретінде маңызын арттыра түсті.

Болашақтағы ҚХА-ның басым бағытын, барлық күш-қуатын осыған арнау қажет”, – деді Владимир Шнайдер.

You may also like...