«Ладушки» орыс әндері ансамбліне 20 жыл толды

Елордалық Достық үйінде «Астананың орыстар қауымы» ҚБ қарасты «Ладушки» орыс әндері ансамблінің мерейтойлық концерті өтті.

Мерекелік іс- шара барысында ансамбль қатысушылары және оларды құттықтауға келген шығармашылық ұжымдар өнер көрсетіп, қонақтарға тамаша көңіл- күй сыйлады.

Өз құттықтау сөзінде Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының – Ішкі саясат басқармасының этносаралық қатынастарды дамыту бөлімінің бас маманы Гүлнар Тайгокова ансамбльдің мәдениет саласының дамуына қосқан үлесін атап өтіп, ұжымға шығармашылық табыс тіледі.

Ансамбльдің көркемдік жетекшісі Л.Б. Аббасованың жетекшілігімен өткен концертті көрермендер ыстық ықыласпен тамашалап, жоғары бағалады.

Айта кетейік , ансамбль құрылғаннан бастап көптеген мәдени іс- шараларға тұрақты түрде қатысып келеді.

You may also like...