Бүгін Достық үйінде оқушыларға арналған кезекті экскурсия ұйымдастырылды. Бұл жолы қонақта қалалық № 83 мектеп-лицейінің оқушылары болды.

Астана қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері өткізген экскурсия барысында оқушылар елордалық Ассамблеяның тарихымен, этномәдени орталықтардың қызметімен танысып, қолөнер бұйымдарын, экспонаттарды және Қазақстанда тұратын этностардың тұрмыстық бұйымдарын тамашалап қайтты.

Атап өтейік, мектеп оқушыларына арналған экскурсиялар келесі аптада да жалғасатын болады.

You may also like...