Астанада “Қазақстан – бірлік пен татулықтың Отаны” атты дөңгелек үстел өтті

Елордалық Достық үйінде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Қазақстан – бірлік пен татулықтың Отаны» атты дөнгелек үстел өтті.

Оған Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми–сараптамалық тобының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, Астана қаласындағы «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдігінің мүшелері қатысты.

Іс-шараға Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Тілеген Садықов модераторлық етті.

Жиын барысында спикерлер бірлік пен келісім тақырыбында баяндама жасап, Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттары мен міндеттері және бүкілқазақстандық бірліктің бірегей моделін қалыптастырудағы оның рөлі жайлы әңгіме қозғады.

Айта кетейік, Ғылыми–сараптамалық топ – Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдық бөлімшелерінің бірі. Негізгі қызметі этносаясаттың өзекті бағыттары бойынша ҚХА қызметін ғылыми-сараптамалық сүйемелдеу болып табылады.

 

You may also like...