ЕЛОРДАЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ДОСТЫҚ ҮЙІНЕ САЯХАТ ЖАСАДЫ

Бүгін елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясында қалалық мектептер үшін Ашық есік апталығы басталды.

Биыл Достық үйіне алғашқы экскурсия кесте бойынша № 38 мектеп-лицейінің оқушыларына ұйымдастырылды.

Кездесу барысында Астана қаласы әкімдігінің жанындағы “Қоғамдық келісім” КММ қызметкерлері оқушыларды елордалық Ассамблеяның тарихымен, этномәдени орталықтардың қызметімен таныстырып, қолөнер бұйымдарын, экспонаттарды және Қазақстанда тұратын этностардың тұрмыстық бұйымдарын көрсетті.

Экскурсия барысында балалар қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының жетістіктері, этносаралық келісім мен ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған ауқымды іс-шаралар туралы хабардар болды.

Алдағы уақытта мектеп оқушыларына арналған мұндай экскурсиялар жалғасатын болады.

 

You may also like...