Астана қаласы ҚХА Ақсақалдар кеңесінің мүшелері жастарды тәрбиелеу мәселелерін талқылады

 
Елордалық Достық үйінде қалалық ҚХА Ақсақалдар кеңесінің мүшелері бас қосты. Сондай-ақ жиынға этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Еңбек ерлері мен Халық қаһармандары қатысты.

Басқосудың күн тәртібінде жас буын өкілдерімен кездесу кестесін қарастыру және алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспары болды.
Алқалы жиында сөз сөйлеген ұйым төрағасы Бахытжан Ертаев келер жылы білім беру ұйымдарымен бірлесіп жастардың рухани-адамгершілік, патриоттық сана – сезімін тәрбиелеуге бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізілетінін атап өтті.

Сонымен бірге басқосуда ұрпақ тәрбиесі, рухани және мәдени қоғамды қалыптастыруға байланысты келелі ойлар мен ұсыныстар айтылды.

You may also like...