ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ТӨРТ КҮНДІК СЕМИНАР-ТРЕНИНГ БАСТАЛДЫ

Қалалық Достық үйінде елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен келіссөздер процестерін жүргізу және жанжалдарды шешу дағдыларына оқыту бойынша төрт күндік семинар-тренингінің бірінші күні өз жұмысын бастап кетті. Оған елордалық Ассамблеяға қарасты этномәдени орталықтардың, Ғылыми-сараптамалық топтың, Аналар кеңесінің және жастар қанатының мүшелері қатысуда.

Семинарды кәсіби медиатор Айнұр Сисенбаева және “Келісім” халықаралық медиация және құқық орталығының жаттықтырушы-медиаторы Күлпаш Шалбулова өткізіп жатыр.

Іс-шараның мақсаты – келіссөздер жүргізу дағдыларын арттыру және тараптардың жанжал деңгейін төмендету бағытында медиаторлардың әлеуетін арттыру.

Аталған семинар-тренинг тыңдаушыларға дауларды шешудің әдістерін үйренуге мүмкіндік береді.

Дәрістер аяқталысымен тыңдаушыларға сертификаттар табысталады.

You may also like...