ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ «МӘМІЛЕ» КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Қалалық Достық үйінде «Мәміле» қазақ тілі клубының кезекті отырысы өтті. Жиынның бұл жолғы күн тәртібі «Наурыз-шаттығым» атты тақырыпқа арналды. Отырысқа елордалық этномәдени орталықтарының аға буын өкілдері қатысты. Сабақ барысында олар Ұлыстың ұлы -Наурыз мейрамы туралы сөз қозғап, ұлттық мерекеге қатысты өлеңдер оқыды. Астана қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Руханият» КММ оқытушысы Сағым Естемісова қызықты және танымдық ақпараттармен бөлісті. Сабақ соңында қатысушылар тақырып аясында пікір алмасып, өз ойлары мен ұсыныстарын жеткізді.

Айта кету керек, «Мәміле» клубы 2019 жылдан бастап этномәдени орталықтардың өкілдері үшін мемлекеттік тілде еркін және ауызша сөйлеуді қалыптастыру мақсатында жұмыс істейді. Ашылғанына 4 жыл болған қазақ тілін үйрену курсының форматы үнемі жаңарып, тақырып аясы кеңейіп келеді. Бүгінде клубта 50 адам дәріс алуда.

You may also like...