Астанада «Әбиләр, алга!» өңіраралық байқауы өтті

Елордалық Достық үйінде «Әжелер, алға! А, ну-ка, бабушки! Әбиләр, алга!» өңіраралық байқауы өтті.
Іс –шара 8 наурыз мерекесіне орай «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығы» ҚБ ұйымдастыруымен, Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының, Астана қаласындағы «Каюм Насири институты» ғылыми-білім беру орталығының және Қазақстан Республикасындағы Татарстан Республикасының Өкілетті өкілдігінің қолдауымен өтті.

Байқаудың мақсаты – қарттарды шығармашылыққа, өнерге тарту, әдет-ғұрыптарын жас ұрпаққа үйрету, баланы тәрбиелеудегі аға буынның рөлін атап өту, белсенді өмір салтын насихаттау және отбасы институтын нығайту.
Биыл конкурсқа қатысуға Екібастұз, Көкшетау және Астана қалаларынан үш команда өтінім берді. Олар 5 кезең бойынша сайысты.

Әділқазылардың шешімімен байқаудың қорытындысы бойынша Достық жеңіске жетті. Барлық қатысушыларға Алғыс хаттар, бағалы және естелік сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ қатысушылар жекелеген номинациялар бойынша дипломдар алды.

You may also like...