Елордалық Ассамблея мүшелері Алғыс айту күніне орай қайырымдылық акциясын өткізді

Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы Алғыс айту күніне орай «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Акцияның мақсаты – халықтың әлеуметтік осал тобына қамқорлық жасап, Алғыс айту мерекесін атап өту аясында көңіл бөлу.

Мерекелік іс-шара барысында мекеме қонақтарына ұлттық тағамдармен мерекелік дастархан жайылып, этномәдени бірлестіктердің шығармашылық және би ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды.

Айта кету керек, мекемеде 300-ден астам жалғызбасты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандар тұрады. Сонымен қатар орталықта 10-нан астам түрлі ұлт өкілдері қызмет алуда. Олар украиндар, орыстар, белорустар, немістер, татарлар, ингуштар, башқұрттар және т.б.

You may also like...