Қалалық Достық үйінде Жаңа жылдық шырша мерекесі өтті

     Елордалық Ассамблеяның ұйымдастыруымен  Достық үйінде этномәдени бірлестіктердің, сондай- ақ SOS Балалар ауылының және әлеуметтік осал топтың балаларына арналған Жаңа жылдық шырша өтті.
Бағдарламаның бірінші бөлімінде кішкентай қонақтар үшін арнайы аквагрим ұйымдастырылды. Содан кейін балалар ертегі кейіпкерлерін тыңдап, шығармашылық тапсырмаларды орындады, сондай -ақ Аяз ата мен Ақша қармен бірге көңіл көтерді.
Концерттік бағдарлама әрбір баланың көңілінен шықты. Шара соңында ертеңгілікке қатысқан 50 бала Аяз ата мен Ақша қардың қолынан көптен күткен сыйлықтарын алды.


You may also like...