Елордалық ҚХА Медиа- орталығы есептік жиналыс өткізді

Кездесу барысында баяндамашылар ағымдағы жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, қалалық этномәдени бірлестіктердің 2022 жылдың екінші жартыжылдығындағы рейтингісімен, келесі жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды. Сонымен қатар, қатысушылар әлеуметтік желілердегі жарияланымдар бойынша бірлескен жобалар жасау және бұл бағыттағы жұмысты одан әрі дамыту жайлы әңгіме өрбітті.

Іс-шараға қатысқан спикерлер:
1. Астана қаласының ҚХА Медиа – орталығының жетекшісі Равиль Валеев;
2. ҚХА Журналистер клубының төрайымы Аделия Тухбатова;
3. Өзбек этномәдени орталығының төрағасы Шерзод Пулатов;
4. «Аманат» партиясы қалалық филиалы Саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі Ахмет Сеитов;

Сондай-ақ, іс-шараға SMM мамандары, Астана қаласының «Ассамблея жастары» және этномәдени орталықтардың жастары қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, Медиа- орталық Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдық бөлімшесі. Ол қалалық Ассамблеяның ақпараттық саясатын жүзеге асыруда өз үлесін қосуда.


You may also like...