АСТАНАДА «25 ҚАЗАН – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ БАСТАУЫ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Бүгін астаналық Достық үйінде Республика күніне орай «25 қазан – Тәуелсіздіктің бастауы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараны Елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырды.
Іс-шараға жақын және алыс шетелдерден ғалымдар, мемлекеттік органдардың өкілдері, елордалық ҚХА Ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері, сондай-ақ этномәдени бірлестіктер қатысты.
Шараны модератор, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Астана қаласы ҚХА Ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы, Л.Н. Гумилева ЕҰУ тарих факультетінің деканы Тілеген Садықов ашты.
Біздің еліміз үшін алғашқы маңызды қадам 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Қазақ КСР Мемлекеттік Егемендігі туралы» Декларация қабылдады. Бұл Қазақстан, Қазақстан тұрғындары өздерінің тәуелсіз мемлекетін құра алатынын көрсеткен қоғамдық-саяси құжат болды. Бұл күн саяси, ұлттық, тәрбиелік тұрғыдан ел үшін өте маңызды.
ҚХА төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Дементьева:
– Жақында Астанада АӨСШК елдерінің саммиті өтті, Еліміздің мәртебесі мен беделі артып, Мемлекет Басшысы Республика күнін жандандыру туралы дана шешім қабылдады. Бұл мереке біздің Тәуелсіздігіміздің болуын білдіреді, сондай-ақ ол барлық қазақстандықтарды, 120-дан астам этнос өкілдерін біріктіреді.
Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов өз сөзінде осындай кездесулердің арқасында халықаралық байланыстар белсенді дамып келе жатқанын, ал пікірталастар ғылыми білімді бейбітшілікке, бірлік пен келісімге бағыттай отырып біріктіруге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Өз кезегінде, Түркия Республикасының бұрынғы Мәдениет министрі Кемал Намык «Тәуелсіздік Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастардың негізі бағдаттары» атты баяндамасында Қазақстан туралы өте жылы лебізін білдірді, Ел Тәуелсіздігі жылдарындағы негізгі жетістіктерді, тарихи байланыстардың жемісті дамуын, сондай-ақ қазақстандық қоғамдағы тұрақтылықты сақтаудың бірегей саяси моделін атап өтті.
«Екі елдің ғылыми-білім беру ынтымақтастығы» баяндамасында тарих ғылымдарының кандидаты, М.Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетіндегі Беларусь-Қазақстан мәден-білім беру орталығының жетекшісі Александр Ратько бұл кездесу екі елдің тарихы бойынша өзара іс-қимыл және жаңа зерттеулер алмасу болып табылатынын, сондай-ақ бізді халықаралық ынтымақтастық пен академиялық диалог байланыстыратынын атап өтті.
Іс-шара барысында конференция баяндамашылары мәдени байланыстарды одан әрі кеңейтуде, ғылыми-техникалық және академиялық алмасуларды дамытуда, елдер арасындағы сенім мен өзара түсіністіктің жоғары деңгейін қолдауда халықтық дипломатияның рөлін одан әрі нығайту қажеттілігі туралы бірауыздан пікір білдірді.
Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратовтың айтуынша, елордада республика күніне орай 100-ден астам мәдени-бұқаралық іс-шаралар жоспарланған.
25 қазанда «Аламан бәйге» атты үлкен спорттық іс-шара өтеді. Елорданың барлық аудандарында, түрлі алаңдарында, жоғары оқу орындарында, мектептерінде Республика күніне арналған конференциялар, дөңгелек үстелдер, бұқаралық іс-шаралар өтеді.

 

You may also like...