«МӘМІЛЕ» ҚАЗАҚ ТІЛІ КЛУБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ

Бүгін Достық үйінде «Мәміле» қазақ тілі клубының кезекті отырысы өтті.

Клубқа елордалық ҚХА этномәдени орталықтарының өкілдері қатысты.

Айта кету керек, ️«Мәміле» клубы 2019 жылдан бастап этномәдени орталықтардың өкілдері үшін мемлекеттік тілде еркін және ауызша сөйлеуді қалыптастыру мақсатында жұмыс істейді.

Астана қаласы әкімдігінің тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Руханият» КММ оқытушысы Сағым Естемісова:

– Бүгін біз мамандықтар туралы тақырыпты зерттедік, өткен сабақты қайталадық және жаңа сөздермен таныстық. Мемлекеттік тілді оқыту тіл мәдениетінің деңгейін және мемлекеттік тілдің беделін арттыру, төлеранттылық пен қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру, сондай-ақ қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту мақсатында жүргізіледі. Клуб әр түрлі ұлт өкілдерін ғана емес, сонымен қатар әр түрлі жастағы адамдарды біріктіруге мүмкіндік береді, – деді Сағым Барлықбайқызы.

Астана қаласының корей этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Роза Пак:

– Мен алғаш рет ауызекі қазақ тілі клубына қатысып отырмын. Жаңадан бастаушы ретінде маған бәрі бірден түсініксіз болды, өйткені қатысушылар арасында мемлекеттік тілде сөйлей алатын жалғастырушылар көп. Тілдік кедергіге қарамастан, маған осы клубтың оқыту әдістемесі мен идеясы ұнады.

Адам өзі тұрып жатқан елдің мемлекеттік тілін білуге тиіс деп санаймын. Қазақ тілін қызығушылықпен және қуанышпен үйренемін, – деп өз пікірімен бөлісті Роза Михайловна.

Сабақ барысында қатысушылар бір-біріне сұрақтар қойып, пікір алмасты.

You may also like...