ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫ

Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы оқу жылының аяқталуына арналған бірқатар іс-шаралар өткізді.

Елордалық Достық үйінде «Раздолье» орыс және казак әндері халық ансамблінің қатысуымен «Лазорь» казак этнолингвистикалық мектебінің қорытынды концерті өтті.

«Златница» би ансамблінің, «Разноцветье» вокалдық ансамблінің және «Любо» қасықшылар ансамблінің қатысушылары оқу жылы барысында алған біліктері мен дағдыларын көрсетті. Сондай-ақ, казак мектебінің тәрбиеленушілері жасаған сәндік-қолданбалы қолөнер көрмесі ұсынылды.

Армян этнолингвистикалық мектебінде Ұлы армян ақыны Егише Чаренцтің 125 жылдығына арналған тақырыптық іс-шара, сондай-ақ «Соңғы қоңырау» рәсімі өтті.

Егише Чаренц – армян ұлтының бейнесі. Чаренц шығармашылығы өзінің поэтикасымен де, мазмұны жағынан да біздің заманымызда өзінің өзекті маңыздылығын сақтайды.

Іс-шараға Арменияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Гевондян Армен Вачикович, ішкі саясат басқармасының, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, БАҚ өкілдері, елорда тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Іс-шара соңында концерттік нөмірлермен мерекелік бағдарлама өтті. Балалар жұмыстарының көрмесі ұсынылды және мектеп оқушыларына алғыс хаттар табыс етілді.

Этнолингвистикалық мектептердің іс-шаралары “Көптүрліліктегі бірлік” қағидатын іске асыруға, көпэтносты тұлғаны дамытуға ықпал етеді.

You may also like...