ЕЛОРДАЛЫҚ ДОСТЫҚ ҮЙІНЕ ТҮРКСОЙ БАС ХАТШЫСЫ КЕЛДІ

Бүгін елордалық Достық үйінде ТҮРІКСОЙ Халықаралық мәдениет ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев мәдениет және өнер қайраткерлерімен, елордалық этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті.

Астана қаласы ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов Сұлтан Раевты Ұйымның Бас хатшысы лауазымына сайлануымен құттықтап, одан әрі ынтымақтастыққа дайындығын білдірді.

Сұлтан Раев түркі мәдениетін дамытуға және ілгерілетуге үлес қосқан мәдениет және өнер қайраткерлерін марапаттады.

Атап айтқанда, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының “Абай” медалімен Бауыржан Қарағызулы, Айгүл Кемелбаева, Жолтай Жұман, “Шыңғыс Айтматов” медалімен Бекпулат Парманов, Ұланбырза Қарыпбаев, Шавкат Исмаилов, Майра Омар, “Низами Гянджеви” медалімен Баянғали Әлімжанов, “Алтын” медалімен Сейсенхан Маханбетов марапатталды.

Өз кезегінде Астана қаласы ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов марапат иелерін құттықтап, Раев Сұлтанға жемісті жұмысы үшін алғыс айтты.

You may also like...