Елордалықтар масленица мерекесін атап өтті


Елордалық Достық үйінде Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы дәстүрлі «Масленица» халықтық мерекесін ұйымдастырды.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстанда тұрып жатқан этностардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлеріне құрметпен қарап, Қазақстандық мәдениетаралық үлгінің жетістігін көрсету, этносаралық келісімді және тұрақтылықты нығайту болып табылады.

Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы басшылығының айтуынша, бүгінде елімізде тұрып жатқан барлық этностардың мейрамдарының аталып өтілуіне ерекше көңіл бөлінеді. Мемлекет басшысы бұл біздің елімізді табысты етуге және азаматтарымыздың бірлігін сақтауға мүмкіндік беретін басты құндылық екенін атап өтті. Бүгінгі іс-шара ұлтаралық достықты одан әрі нығайтуға өз серпінін берері сөзсіз.

Қазақстан халқы Қалалық Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері этностардың рухани мәдениетінің сұлулығын, сондай-ақ біздің ел халқының бірлігі мен тұтастығын көрсетті.

Көрермендерге көңілді мерекені «Дала аймағының казактары одағы» өңірлік қоғамдық бірлестігінің «Раздолье» орыс және казак әндерінің ансамблі, «Радима» белорус мәдени орталығының «Веселка» ансамблі, «Радуга» орыс ән ансамблі, «Таң» татар-башқұрт мәдениет орталығының «Дуслык» ансамблі ұжымы музыкалық кеш сыйлады.

Қысты шығарып салу  мерекесіне қатысушылар халық әндерін және дөңгелек билер өткізіп, қонақтарға дәмді құймақтар ұсынылды.

Сондай-ақ, алаң аумағында жәрмеңке, спорттық жарыстар, көңілді ойындар ұйымдастырылды, халықтық әдет-ғұрыптар көрсетілді және іс-шара соңында барлық талаптарды сақтай отырып, Масленица тұлыбы өртенді.

You may also like...