«АЛТЫН КҮН» V БАЛАЛАР ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР ФЕСТИВАЛІНІҢ ФИНАЛЫ ӨТТІ

Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында Астана Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Алтын күн» V балалар патриоттық әндер фестивалінің финалы өтті.

Іс-шара балалар жылы орай және 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған.

Шараның негізгі мақсаты патриоттық тәрбиені дамыту және тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту, дарынды балаларды анықтау және қолдау, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін іске асыру, сондай-ақ патриоттық ән жанрын насихаттау.

Фестивальге Астана қаласының этномәдени бірлестіктерінің көркемдік ұжымдарының мүшелері, жалпы білім беретін мектептердің, ансамбльдердің оқушылары, сондай-ақ 6 жастан 16 жасқа дейінгі барлық тілек білдірушілер қатысты.

Фестиваль талабына сәйкес, қатысушы талапкерлер жас санаттары бойынша алдын ала іріктелінді.

Патриоттық әндер фестивалі екі турдан, жас санаттары бойынша 6 жастан 10 жасқа дейін, 11 жастан 13 жасқа дейін, 14 жастан 16 жасқа дейінгі аралықта өтті.

Осы іріктелгендер бүгінгі ақтық сында бар өнерлерін салып, көрермендер ыстық ықыласына бөленді.

Фестивальде «Бақытты бала – Бақытты Ел» – Отан, Қазақстан, елорда, туған өлке туралы әндер, «Әлем балалардың көзімен» – ана, балалық шақ, достық және т.б. туралы тақырыптар бойынша әндері орындалды.

Фестивальде әділқазылар қортындысы бойынша:

6-10 жас аралығындағы жеңімпаздар:

1 орын: Ақнұр Жұматай – «Мир без Войны» «VokalArt»_студиялық мектебі;

2 орын: Аружан Кемелбай – «Гүл көбелек» №66 мектеп-лицейі  балалар композиторы Алтын Маханбетованың «Балапан саз» авторлық ән классы;

3 орын: Ли Регина – «Толғау» ОО «Этнокультурное объединение корейцев г. Астана.

11-13 жас аралығындағы жеңімпаздар:

1 орын: Аружан Кұсаинова – «Туған жер» № 2 балалар музыка мектебі;

2 орын: Адия Ысқақ – «Өсиет»  «Астана қаласының Қырғыз этномәдени бірлестігі» ҚБ;

3 орын: Аделина Мусина  – «Мій світ» «Оберег» украин қоғамы» ҚБ.

14-16 жас аралығындағы жеңімпаздар:

1 орын: Бақнұр  Мейрамбекқызы – «Туған жер» Ә.Бөкейхан атындағы №76 мектеп гимназиясы;

2 орын: Асылжан Кыдырниязов «Отан-ана» (Батырхан. Шөкенов)                                        «Жайхун» қарақалпақ этномәдени бірлестігі» ҚБ;

3 орын: Анастасия Овчинникова – «Өсиет»   «Оберег» украин қоғамы» ҚБ.

Фестиваль жеңімпаздарын «Үздік орындаушы» номинациясы бойынша үш жас санаты бойынша жүлделермен марапатталды. Фестиваль жеңімпаздары мен барлық қатысушыларына бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.

You may also like...