ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ЕЛОРДАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУІ

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Сауытбек Әбдірахманов пен Юрий Ли Астана қаласы әкімдігінің сервис және туризм колледжіне барды.

Мәжіліс депутаттары Қазақстанда референдум өткізу аясында колледждің профессорлық-оқытушылық құрамымен және студенттерімен кездесті.

Кездесуге сервис және туризм колледжінің, көлік және коммуникация жоғары колледжінің, «Астана-Профи» қалалық шаруашылық колледжінің, «ASTANA POLYTECHNIC» жоғары колледжінің, технологиялық колледждің оқытушылары мен студенттері қатысты.

«Референдумға аз уақыт қалды. Бұл кезеңде біз халыққа, әрбір дауыс беруші азаматқа алдағы оқиғаның маңыздылығын терең түсіндіруіміз керек. Депутаттардың барлық кездесулері осы мақсатқа арналды. Жұртшылықтың пікірі, олар берген қолдау мен бағалау сөздері біздің халқымыз 5 маусымда өтетін референдумды қолдайтынына сендіреді. Себебі халық жаңаруды күтуде. Халық Президент Қ.К. Тоқаевтың екінші Республиканы құру жөніндегі мақсатының терең мағынасын түсінеді. Ол бүкіл халықтың мемлекетті басқаруға тікелей қатысуы үшін нақты тетіктер жасалуы керек екенін түсінеді. Сондықтан референдумның қолдау табатынына сенімдімін», – деді ҚХА атынан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сауытбек Әбдірахманов.

«Өз кезегінде мәжілісмен Юрий Ли: «Біздің негізгі заңымызға, Конституцияға ұсынылған түзетулерді түсіндіру, өздеріңіз білетіндей, саяси жүйеде өте маңызды өзгерістерді, қоғамдық-саяси саладағы нақты күресті күшейтуді көздейді. Осы тұрғыдан алғанда, әркім 5 маусымдағы референдумда өз пікірін білдіруге құқылы. Бұл бастамашыл және жауапты азаматтар қоғамдық-саяси пулда қозғала алатын, алдына міндеттер қоя алатын, осы міндеттерді іске асыра алатын, сондай-ақ елді жақсы жаққа өзгерте алатын және қоғамдық-саяси салада қандай да бір маңызды тұлға бола алатын сәт. Сондықтан біз жастарымыздың осындай бастамаларды іске асырып, өздерін танытқанын қалаймыз. Менің ойымша, біз өте оң нәтиже аламыз».

Кездесу соңында депутаттар тыңдаушылардың қойған бірқатар сұрақтарына жауап бере отырып, бүгінгі жастармен өткен кездесудің көңілден шықанын жеткізді.

You may also like...