Астана ҚАЛАСЫНЫҢ «АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» РҚБ ӨКІЛДІГІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

Достық үйінің коворкингінде Астана қаласындағы «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдігі елорданың этномәдени бірлестіктерінің жастары арасында «Brainstorm» ұйымдастырды, ұйым қызметінің жаңартылған алты тақырыптық бағытының тұсаукесерін өткізді:

«Social Assembly» – жастарды әлеуметтік қолдау, олардың деңгейін көтеру, білім беру және жұмысқа орналасуға көмек;

«Бірлік тілі» – мемлекеттік тілді үйрену;

«Ел мұрасы» – тарихи-мәдени мұраны сақтау;

«Таза орта» – экология мен қоршаған ортаны қорғау;

«Қасиетті парыз» – әскери-патриоттық тәрбие;

«Jastar media» – медиа-жобаларды дамыту және медиа-сауаттылықты арттыру.

«Біз жұмыста ұстануға тиісті ең басты идеологема – «Қазақстан – ортақ үйіміз». Біз бәріміз – қазақстандықтармыз.  Біз бәріміз, барлық жастар ортақ үйіміздің ертең және болашақта қандай болатынына жауаптымыз», – деп атап өтті ҚХА Хатшылығының қызметкері-этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлім Тайгокова Гүлнар Ноянқызы.

Кездесуге қатысушылар өзекті тақырыптармен және жергілікті жерлерде жүзеге асырылып жатқан жобалармен бөлісе отырып, елорданың жастар қанаттарының жұмысын таныстырды. Қазақстан этностары арасындағы байланыстырушы буын ретінде мемлекеттік тілді дамыту Тұжырымдамасын талқылау және енгізу маңызды мәселе болды.

«Іскерлік ойын» форматында қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысына жастардың түрлі санаттарын тарту және қазақстандық патриотизмді дамыту мақсатында жастарға арналған бұқаралық, спорттық, мәдени, ғылыми іс-шаралар жобаларын әзірледі.

Іс-шара соңында Өкілдік басшысы Анастасия Тимощенко ұйымның белсенді мүшелеріне бірлік пен этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған мемлекет саясатын іске асыру саласындағы жемісті жұмысы үшін алғыс хаттар табыс етті.

You may also like...