Мәжіліс депутаты қалалық полиция департаментінің жеке құрамымен кездесті


Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Юрий Ли Астана қаласы полиция департаментінің жеке құрамымен кездесті.

Астана қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Айдос Рысбаев бүгінгі күнде жеке құрамның қиыншылықтарға қарамастан жедел түрде атқарылып жатқан жұмыстарын тоқтала келе, нтернет-алаяқтық пен қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл Департамент басшылығының ерекше бақылауында екенін атап өтті.

Мәжіліс депутаты Юрий Виссарионович Парламент Мәжілісіндегі ҚХА тобының қызметі туралы жалпы ақпаратты жеткізе отырып, интернет-алаяқтыққа және қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жөніндегі жол картасын іске асыру жөнінде кеңірет тоқталып өтті.

 – Өткен жылы Астана қаласының аумағында 410 киберқылмыс

тіркелді, оның ішінде 370 интернет-алаяқтық. 2021 жылы 13000 қылмыстың 4500-і ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалған, оның ішінде 3755-і интернет-алаяқтық. 28.12.2020 ж. ЖКО киберқылмыстардың өсуін ескере отырып, Астана қ. «2021-2022 жылдарға арналған ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі» бағдарлама бекітілді, оған тергеуді ашу және алдын алу жөніндегі іс-шаралар кіреді, – деді Астана қаласының полиция департаменті Криминалдық полиция бөлімінің бастығы Талғат Бөлегенов.

Кездесу барысында Мәжіліс депутаты тыңдаушылардың қойған сұрақтарына жауап бере отырып, бірқатар ұсыныстарын депутаттық сауал ретінде көтеретінін жеткізді.

You may also like...