ЕЛОРДАЛЫҚ ҚХА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ «ҚАМҚОР» АКЦИЯСЫН БАСТАДЫ

Елордалық Ассамблея этномәдени бірлестіктердің кәсіпкерлерімен бірлесіп «Қамқор» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Елордалық Ассамблея жұмысының маңызды бағыттарының бірі қайырымдылықты дамыту болып табылады.

Этномәдени бірлестіктердің мүшелері дәстүрлі түрде барлық қайырымдылық акцияларына қатысады, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, жалғыз басты адамдарға, мүмкіндігі шектеулі балаларға, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне көмек көрсетеді.

Аталған акция Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығына және Ұлы Жеңістің 77 жылдығына орайластырылған.

Акцияны ұйымдастырушылардың бірі, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Башир Солсанов әріптестерінің жерлестерімізге қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.

«Біз Сіздерден достықты, патриотизмді, Отанға деген сүйіспеншілікті үйренеміз. Біз сіздің және сіздің батылдығыңыздың алдында бас иеміз. Біз сіздердің теңдессіз ерліктеріңізді мақтан тұтамыз!»,- деді Башир Уматгереевич.

Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлерін қолдауға бағытталған акция барысында 60 отбасы азық-түлік себеттерін алды.

Өз кезегінде көмек алған отбасылар осы акцияның барлық ұйымдастырушылары мен демеушілеріне алғыстарын білдіріп, оларға денсаулық, амандық және істеріне табыс тіледі.

Қайырымдылық пен мейірімділік, өзара құрмет Қазақстан халқы Ассамблеясының басты ұстанымы. Достық үйіндегі «Парасат» қайырымдылық қызметін үйлестіру орталығы этномәдени бірлестіктердің кәсіпкерлерімен бірлесе отырып, мұқтаж жандарға қажетті көмек көрсету бағытында тұрақты жұмыс жасауда.

2021 жылы «Қайырымды істер марафоны», «30 қайырымды іс» акциялары аясында 55 қайырымдылық акциясы өткізілді, 5800 адам жалпы сомасы 36 млн.теңгеге көмек алды.

Ағымдағы жылдың басынан бері 11 қайырымдылық акциясы өткізіліп, 3000 отбасына жалпы сомасы 11 млн.200 мың теңгеге көмек көрсетілді.

Айта кетейік, бұған дейін елордалық Ассамблея еріктілері «Жылы жүрек, ізгі тілектер!» елордалық ҚХА мүшелері емделуге мұқтаж балалардың еміне қаржылай көмек көрсетті.

You may also like...