Елордалық Достық үйінде ҚХА құрылымдарының бірлескен отырысы өтті

Елордалық Достық үйінде Қоғамдық келісім кеңесінің, Ғылыми-сараптамалық топтың, Аналар кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жастар ассамблеясы» Республикалық жастар қозғалысы филиалының, сондай-ақ ұйымдар мен кәсіпорындардың қоғамдық келісім кеңесінің қатысуымен (бұдан әрі – ҚХА)  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстанды бірге құрайық!» тақырыбы аясында ҚХА міндетін талқылау бойынша Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының бірлескен отырысы өтті.

Шараны ұйымдастырушы Ішкі саясат басқармасы және Астана қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ.

Елордалық Ассамблеяның қоғамдық құрылымдары мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері Мемлекет басшысының сөзінде көрсетілген ҚХА қызметінің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси салалардағы негізгі бағыттары туралы айтып берді. Шараға қатысушылар бірауыздан Тәуелсіз Қазақстанның басты құндылығы – халық бірлігі екенін айтты.

Сонымен қатар, отырыс барысында елордалық ҚХА-ның алдағы іс-шараларына дайындық мәселелері талқыланып, Қазақстан Республикасы Президентінің қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру бойынша оның барлық құрылымдарының үйлестірілген жұмысы қажеттігі атап өтілді.


You may also like...