ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАН ТАПСЫРУ БОЙЫНША ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Елордалық Достық үйінде Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығымен бірлесе отырып, донорлар қатарына кіруге және «Қан тапсыр да адам өміріне араша түс» атты акциясын өткізді.

Шараның негізгі мақсаты өмір үшін күресіп жатқан адамдарға қан беріп, тағдырына араша болып, өмір сыйлау. Бұл акцияға талапқа қарсы көрсеткіштері жоқ, жасы 18-ге толған тұрғындар қатысты.

Іс-шараға елордалық ҚХА мүшелері, жастар, еріктілер белсенді қатысты.

Аталған қайырымдылық акциясының маңызын атап өткен Астана қаласы ҚХА хатшылығының-этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімнің бас маманы Галина Кобзева мұндай акциялар дәстүрге айналғанын және жыл бойы өткізілетінін атап өтті. «Азаматтардың денсаулығына қан өте маңызды бөлігі болғандықтан, біз өз қалауымен донор болуға ниет білдіріп, бүгінгі қайырымдылық акциясына атсалысуға келген жандарға ризашылығымызды білдіреміз», – деді Галина Владимировна.

Аталған акцияның маңыздылығы туралы айта отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының өкілі осындай қайырымдылық акцияларын өткізу арқылы біз адамдарға мейірімді болуға және жақын адамымызға көмек қолын созуға, донорға мұқтаж жандардың  тілегі орындалатынын қуана жеткізді

You may also like...