Жаңалықтар

Елордалық Достық үйінде Наурыз мейрамын атап өтті

Елімізде Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған мәдени-бұқаралық іс-шаралар өтуде. Осындай ауқымды мерекелік іс-шаралардың бірі елордалық Достық үйінің алаңында “Қош келдің, әз Наурыз” деген атаумен өтті. Оған Сенат депутаттары, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Астана қаласы әкімдігінің өкілдері, дипломатиялық өкілдіктердің елшілері, мемлекеттік органдардың, қоғамдық…

Ұлттық музейдің ғылыми кітапханасында «Алғыс айту – парызым» атты музейлік сабағы өтті.

Кездесуге Қадыр Мырза Әлі атындағы BINOM мектебінің оқушылары, музей қызметкерлері және арнайы шақырылған  қонақтар  Астана қаласының «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығының құрметті экс-төрағасы,  Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Салман Героев, елордалық  «Возрождение» немістер қоғамының мүшесі  Эля Гобона  қатысты. Іс-шараның мақсаты –  өскелең ұрпақты Қазақстан халқының өміріндегі тарихи оқиғалармен таныстыру, жеке тұлғаның адамгершілік…

Астанада «Әбиләр, алга!» өңіраралық байқауы өтті

Елордалық Достық үйінде «Әжелер, алға! А, ну-ка, бабушки! Әбиләр, алга!» өңіраралық байқауы өтті. Іс –шара 8 наурыз мерекесіне орай «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығы» ҚБ ұйымдастыруымен, Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының, Астана қаласындағы «Каюм Насири институты» ғылыми-білім беру орталығының және Қазақстан Республикасындағы Татарстан Республикасының Өкілетті өкілдігінің қолдауымен өтті. Байқаудың мақсаты –…

Елордалық Ассамблеяның өкілдері № 80 мектеп-гимназиясының оқушыларымен кездесу өткізді.

«Достықтың шегі жоқ» атты іс-шараға спикер ретінде қатысқан Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-нің директоры Әділхайыр Мырзаханов, «Злата» болгар этномәдени орталығының төрайымы Ольга Андриевская, «Ассамблея жастары» РҚБ Астана қаласындағы өкілдігінің төрайымы Юлия Лагуткина тақырып аясында қызықты әрі тартымды ақпаратпен бөлісті. Олар Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының бетке ұстар айнасы…

Елордалық Ассамблея мүшелері Алғыс айту күніне орай қайырымдылық акциясын өткізді

Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы Алғыс айту күніне орай «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Акцияның мақсаты – халықтың әлеуметтік осал тобына қамқорлық жасап, Алғыс айту мерекесін атап өту аясында көңіл бөлу. Мерекелік іс-шара барысында мекеме қонақтарына ұлттық тағамдармен мерекелік дастархан жайылып, этномәдени бірлестіктердің шығармашылық және би ұжымдарының…

Елордалық Ассамблея өкілдері Ұлттық ұланның әскери қызметшілерімен кездесті

Алғыс айту күні мерекесі қарсаңында елордалық Ассамблея өкілдері Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 3656 әскери бөлімінің офицерлері және келісімшарт бойынша әскери қызметкерлерімен кездесу өткізді. Жиын барысында Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының – Ішкі саясат басқармасының этносаралық қатынастарды дамыту бөлімінің өкілі әскерилерді ҚХА негізгі қызметімен таныстырып, ұлтаралық келісімді сақтау және нығайту…