Жаңалықтар

Астанада қалалық ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

2024 жылғы 17 қазан күні елордалық әкімдікте қала әкімі Жеңіс Қасымбектың төрағалығымен Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Іс-шараға қалалық ҚХА Кеңесінің мүшелері, қоғамдық құрылымдардың және этномәдени бірлестіктердің жетекшілері қатысты. Жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған…

Жастар арасындағы «Web Masterpiece» веб-дизайнерлер байқауының жеңімпаздары анықталды

Естеріңізге сала кетейік, қалалық Ассамблеяның ұйытқы болуымен өткен байқау екі кезеңнен тұрды. Іріктеу кезеңінде қатысушылар Астана қ. Достық үйі мен ҚХА қызметі туралы 3D презентациялар жасады. Негізгі кезеңге өткен үздік жұмыстардың авторлары Достық үйі веб-сайтының дизайнын құрастырды. Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталады. https://www.instagram.com/reel/DBBzsjGMIPR/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA

Этносаралық келісім саясатын іске асыру қағидаттарын оқыту бойынша семинар-тренинг өз мәресіне жетті

Қалалық Достық үйінде Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен өткен этносаралық келісім саясатын іске асыру қағидаттарын оқыту бойынша мемлекеттік қызметкерлерге арналған семинар-тренингтің соңғы күні аяқталды. Екі күндік семинар – тренинг барысында тыңдаушылар этносаралық қатынас саласындағы пайдалы мәліметтермен танысып, кәсіби медиаторлар дайындаған кейстерді шешудің түрлі жолдарын қарастырды. Жалпы іс-шараға 50 мемлекеттік…

Елордада қалалық ҚХА Аналар кеңесінің кезекті басқосуы өтті

«Вайнах» шешен-ингуш халық ансамблінің хореографиялық залында Астана қаласы ҚХА Аналар кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Іс –шараның негізгі мақсаты – отбасы институтын нығайту және этнопедагогикалық тәрбиені жетілдіру, шығармашылық ұжымның қызметімен танысу. Алғашқы болып сөз сөйлеген Астана қаласы ҚХА хатшылығының қызметкері Гүлнар Тайгокова Аналар кеңесінің отбасы институтын сақтау мен нығайтуда, өскелең ұрпақты…

Достық үйінде этносаралық келісім саясатын іске асыру қағидаттарын оқыту бойынша семинар-тренинг өтуде

Қалалық Достық үйінде Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен этносаралық келісім саясатын іске асыру қағидаттарын оқыту бойынша мемлекеттік қызметкерлерге арналған екі күндік семинар-тренингтің бірінші күні өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIII сессиясында берген тапсырмаларын іске асыру аясында өткізілетін іс –шараның басты мақсаты – елімізде қоғамдық келісімді қамтамасыз…

Таңертеңнен бастап Астанадағы сайлау учаскелерінде елорда тұрғындарының белсенділігі жоғары. Қалалық ҚХА мүшелері де референдумға белсенді түрде қатысып жатыр.

Қалалық Достық үйінде екі сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Сайлау учаскелері ашылғалы ғимарат ішінде көтеріңкі көңіл-күй, достық атмосфера, жақсы ахуал орнап тұр. Елордалық Ассамблея мүшелерінің барлығы бір кісідей белсенді азаматтық ұстанымдарын көрсете отырып, сайлау учаскелеріне барып, өз таңдауларын жасауда. https://www.instagram.com/p/DAx15FUuYpD/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA&img_index=1