Жаңалықтар

Елордалық қха еріктілері қайырымдылық акциясына қатысты

Елордалық ҚХА еріктілері қарттардың аулаларын қардан тазалау бойынша дәстүрлі сенбілікке шықты. Қазіргі уақытта қаланы қардан тазарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты көмекке мұқтаж адамдарды, соның ішінде жалғыз басты және қарттардың аулаларын қардан тазарту мәселесі ерекше өзекті болып отыр. Сенбілік Алғыс айту күнін мерекелеу қарсаңында өтті.  Елорда Ассамблеясының өкілдері таңертеңнен…

Мәжіліс депутаттары елордалық достық үйінде

Бүгін Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Сауытбек Әбдірахманов пен Юрий Ли елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрамымен кездесті. Кездесу барысында халық қалаулысы Сауытбек Әбдірахманов мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына тоқтала келе, өскелең ұрпақ өкілдерін еңбексүйгіштік рухта тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, ол мемлекет басшысының «Жаңа…

Юрий Ли кәсіпорын қызметімен танысты

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Юрий Ли Астана қаласындағы «JFOOD KAZAKHSTAN» ЖШС кәсіпорнымен танысып, жұмысшыларымен кездеседі. Астықтан өнімдер шығаратын кәсіпорынның мақсаты мемлекеттік және халықаралық талаптарға жауап беретін жоғары сапалы өнім шығарып қана қоймай, қазақстандық нарықта көшбасшылық позицияны сақтап, тұтынушылардың сұранысын қанағаттандырып, бәсекеге қабілетті өнім өндіру…

Мәжіліс депутаты елордалық мектеп директорларымен кездесті

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Юрий Ли қаладағы жалпы білім беретін мектеп директорларымен кездесті. Парламент Мәжілісінің депутаты С.Сейфуллин атындағы № 80 мектеп-гимназиясымен танысты. Гимназия директоры Гүлмира Жәрменова білім ошағының бүгінгі жай-күйін баяндай отыра, атқарылып жатқан жұмыс барысын таныстырды. Кездесу барысында Юрий Виссарионович Парламент Мәжілісіндегі ҚХА…

ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ «МӘМІЛЕ» ҚАЗАҚ ТІЛІ КЛУБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Астана қаласының Достық үйінде «Мәміле» қазақ тілі клубының кезекті отырысы өтті. Достық үйінде ашылғанына 3 жыл болған Клуб өте маңызды, оның тақырыбының ауқымы да кеңеюде. Клуб жұмысына елордалық этномәдени орталықтардың, аға буынның өкілдері қатысты. Алдыңғы кездесулерде «Мәміле» қазақ тілі клубының қатысушылары қазақ халқының мәдениеті, дәстүрлері мен ұлттық құндылықтары туралы айтып…

ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫ

Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы оқу жылының аяқталуына арналған бірқатар іс-шаралар өткізді. Елордалық Достық үйінде «Раздолье» орыс және казак әндері халық ансамблінің қатысуымен «Лазорь» казак этнолингвистикалық мектебінің қорытынды концерті өтті. «Златница» би ансамблінің, «Разноцветье» вокалдық ансамблінің және «Любо» қасықшылар ансамблінің қатысушылары оқу жылы барысында алған біліктері мен дағдыларын көрсетті. Сондай-ақ,…