Жаңалықтар

Достық үйінің 5 жылдық мерейтойы аталып өтілді

Бүгін Астанада қалалық Достық үйінің 5 жыл толуына байланысты мерекелік іс- шара өтті. Салтанатты жиынның шымылдығын қала әкімінің орынбасары Есет Байкен ашып, шаһар басшысы Жеңіс Қасымбектің құттықтауын жеткізді. Ғимараттың фойесінде «Бізге 5 жыл!» атты фото-көрмесі ұйымдастырылып, елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына этномәдени бірлестіктердің қатысуымен концерттік және ойын-сауық бағдарламасы ұсынылды. Сондай-ақ…

Елордада Астана қаласы ҚХА-ның XXI сессиясы өтті

Қалалық Достық үйінде «Мақсаты бірдің ұлты бір!» атты тақырыпта Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясы өтті. Биылғы жылғы сессия елорданың 25 жылдығын және Достық үйінің 5 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылды. Ассамблеяның XXI сессиясының күн тәртібінде үш сұрақ болды: Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясының тапсырмаларын іске асыру аясында елордалық Қазақстан…

Көңіл айтамыз!

Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы және Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ ұжымы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Алмасұлы Әзілхановтың әкесінің дүниеден өтуіне байланысты қайғыларына ортақтасып, өзіне, туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады! Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын! Қазаның арты қайырлы болғай!

Астанада “Сабантой” мерекесі аталып өтті

Іс-шара “Таң” татар-башқұрт мәдени орталығының ұйымдастыруымен, елордалық Ассамблеяның, Астана қаласы әкімдігінің, Қазақстандық татар және башқұрт конгресінің, Қазақстан Республикасындағы Татарстан Республикасының Өкілетті өкілдігінің, Ресей Федерациясының Елшілігінің және демеушілердің қолдауымен өтті. Концерттік бағдарлама барысында Татарстан мен еліміздің әртістері өнер көрсетті. Сондай-ақ алаңда халық ойындары мен жарыстар, татар және башқұрт ұлттық киімдерінің жәрмеңкесі…

Елордалық Ассамблея Абай облысына гуманитарлық көмек жөнелтті

Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен және елордалық Ассамблеяға қарасты этномәдени бірлестіктердің, белсенді азаматтардың, сонымен қатар кәсіпкерлердің қолдауымен өткізілген қайырымдылық шарасында 2,5 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жиналып, Достық үйінің алаңынан арнайы көліктермен алапат өрттен зардап шеккен тұрғындарға жөнелтілді.

Елордада Қазақстан халқы достығының фестивалі өтті.

Президенттік саябақтағы амфитеатрдың сахнасында елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен қалалық этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары арасында «Бірлігі жарасқан Қазақстан» атты XXIV Қазақстан халқы достығының фестивалі өтті. Шараның негізгі мақсаты – қатысушылардың шығармашылық бастамаларын ынталандыру, орындаушылардың кәсіби шеберлігін арттыру, жас таланттарды анықтау, жас ұрпақтың бойында рухани -патриоттық сана -сезімді қалыптастыру, сондай- ақ…